Туризм ШОБ-ті дамытуға серпін береді
Экономист Асқар Қысыков Қазақстанның соңғы жеті жылда транзиттік тасымал көлемін айтарлықтай арттырғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы жеті жылда транзит көлемін бес есеге арттырдық және қазірдің өзінде одан қомақты табыс алып отырмыз. Бұл ретте одан әрі өсудің әлеуеті өте жоғары. Қазақстан Қытай мен Еуропаның арасында тиімді географиялық орналасқан. Осы артықшылықты одан әрі дамыту қажет. Сонымен қатар туризм саласын ерекше атап өткім келеді. Бұл бағыт шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін беріп, көптеген жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деді Қысықов Құрылтайға арналған телемарафон барысында.
Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.