Алматы тұрғыны кінәсін мойындаған
Бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов ОКҚ брифингінде сайлаудағы заң бұзу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін кез келген үгітке тыйым салынады. Толтырылған бюллеттеньдерді суретке түсіру үгіт болып саналады. Алайда бұл бойынша бірнеше заң бұзу тіркелді. Алматы тұрғыны Әкімшілік кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымды өшірді. Осыған байланыты біз заңды бұзбауға шақырамыз», - деді Жанпейісов.
Өз кезегінде ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Құрылтай сайлауында тәртіп бұзу тіркелмегенін айтты.
«ІІМ-нің жедел басқару орталығы сайлау учаскелері орналасқан көшелерді видео арқылы бақылап отыр. Тәртіп үнемі бақыланып отыр. Сайлаушылар мен азаматтардың атынан арыз түссе, полиция бірден іске кірісуге әзір», - деді ол.