Ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбілов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол көшпелі дауыс беру арқылы таңдау жасаған

Фото: видеодан скриншот

Ауруханада ем алып жатқан әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сайлау учаскесіне бара алмаса да, дауыс беріп, саяси белсенділігін көрсетті.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, сайлауға қатысуға шақырды.

«Мен өз таңдауымды жасадым, сіздер де өз таңдауыңызды білдіріңіздер. Елдің болашағы үшін жанымызды салайық», — деді Кенжебек Жанәбілов.

Оның жарияланымына желі қолданушылары пікір білдіріп, белсендіге тезірек сауығып кетуін тіледі.