Михаил Шайдоров Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

Автор: Асыл Арман

Спортшы Самал-2 шағынауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы Самал-2 шағынауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

2026 жыл Михаил Шайдоровтың спорттық карьерасындағы айтулы жылдардың біріне айналды. 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның көк туын Олимпиада тұғырының ең биік сатысында желбіретті.

Енді Олимпиада чемпионы өз сайлау құқығын пайдаланып, жаңадан құрылатын Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысты.