ҚХР-да 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр.
Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан.
Шетелде жүрген қазақстандықтардың тіркелген жалпы саны - 11 402 адам.
Қазақстан бойынша сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға 145 депутат сайланады.