Бүгін БҚО тұрғыны Замир Қазиев мінбеген көлік қалған жоқ
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Замир Қазиев дауыс беру үшін бір емес, бірнеше көлік түрін пайдаланып, ерекше сапар жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның таңы әдеттегідей ерте атты – Замир Уапұлы далада сиыр бағып жүрген. Алайда маңызды жұмысына қарамастан, ол дауыс беру үшін сайлау учаскесіне баруға уақыт тапты.
Дауыс беру үшін Замир Қазиев аз жол жүрген жоқ. Алдымен атпен жолға шығып, кейін тракторға мінді. Жолға жеткен соң көлікке отырып, соңғы бөлігін велосипедпен жүріп өтті.
Осылайша таңы нағыз марафонға айналды. Бірақ кейіпкердің айтуынша, ол мүлдем шаршамаған. Өйткені бұл жолды қайтадан жүріп өтуі керек. Сиырлары күтіп тұр.