21 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

KASE-дегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеп келеді

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 21 тамыз күні шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Доллардың орташа сараланған бағамы 456,88 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта бағамы тағы 0,46 теңгеге төмендеді. Бір күн бұрын доллар бірден 3,82 теңгеге арзандаған болатын.

Ал Ресей рублі, керісінше, 0,05 теңгеге нығайып, 5,52 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы 0,37 теңгеге төмендеп, 67,89 теңгені құрады.

Айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 458,01-464,31 теңгеден, еуроны 531,91-537,23 теңгеден, рубльді 5,31-5,45 теңгеден сатып алып, сатып жатыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 21 тамызға белгілеген ресми бағамы 1 доллар үшін 458,23 теңге, 1 еуро үшін 535,99 теңге және 1 рубль үшін 5,46 теңге болды.