ҚХП Алматы облысында жалпыұлттық сенбілікке белсенді түрде қатысты

Автор: Асыл Арман

Партия өкілдері мен белсенділері аумақты абаттандырып, тазалық жұмысын жүргізді

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық филиалы жалпыұлттық сенбілікке белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Партия өкілдері мен белсенділері аумақты абаттандырып, тазалық жұмысын жүргізді. Осылайша, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

«Осындай игі бастамалар туған өлкеге деген жауапкершілікті арттырып, қоғамды бірлікке үндейді. Қазақстан Халық партиясы – халықпен бірге!» – деп жазады партияның баспасөз қызметі.