Партия белсенділері қоғамдық аумақтарды абаттандыруға атсалысты
Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалы да экологиялық акцияға өз үлесін қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партия белсенділері қоғамдық аумақтарды абаттандыруға атсалысып, қоршаған ортаны таза әрі жайлы ету мақсатында сенбілікке шықты.
«Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады. Тек бірлесе отырып, өз еңбегіміз бен жауапкершілігімізді таныту арқылы қалаларымыз бен аудандарымызды көркейтіп, оларды одан әрі жайлы ете аламыз», – делінген партия хабарламасында.