Бакуде әйел адам экс-күйеуімен ренжісіп, бетінен тырнап алғаны үшін айыппұл арқалады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол теңгеге шаққанда 270 мың теңге төлейді

Фото: istockphoto.com

Бакудің Низами ауданында 1997 жылы туған Тертер ауданының тұрғыны Лейлаға бұрынғы азаматтық күйеуі Махирге дене жарақатын салды деген айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға үш баланың кесірінен шыққан. Лейла бұрын бірге тұрған күйеуінің үйіне 3 кішкентай баласын алып кетуге келген. Алайда Махир балаларды беруден бас тартып, арада жанжал шыққан. Төбелес кезінде Махир әйелді үйден шығарып жібермек болып кеудесінен итерген. Ашуланған Лейла кек алу мақсатында бұрынғы күйеуінің бетінен шапалақпен ұрып, тырнағымен бетін тіліп алған.

Осыған байланысты Лейлаға Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Денсаулыққа абайсызда немесе қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.

Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Бұрынғы күйеуімен 7 жыл бірге тұрып, 3 бала сүйгенін, бірақ 5 жыл бұрын айырылысқанын айтты. Жаңа жалдамалы пәтерге көшуіне байланысты балаларды уақытша күйеуіне қалдырған. Балаларды алып кетуге келгенде, Махир «жаңа пәтеріңде мысық бар екен, гигиенаға сай емес» деген сылтаумен бермей қойған. Әйелдің айтуынша, ол өзін қорғау мақсатында қолын сермегенде ғана байқаусызда бетін тырнап алған, шапалақпен ұрмаған.

Азаматтық күйеуі балалар тұратын үйде мысықтың болуына қарсы болып, телефонмен ұрсысып қалғанын, кейін нөмірін бұғаттап тастағанын айтты. Сол күні кешкі сағат 22:00-де Лейла үйге келіп, жанжал шығарған. Ол әйелінің бетінен ұрып, дене жарақатын салғанын растады. Сонымен қатар, Махир бұрынғы әйелімен татуласудан бас тартқанымен, балаларының анасы болғандықтан оған ең жеңіл жаза прокурор сұраған айыппұлды ғана қолдануды өтінді.

Низами аудандық сотының үкімімен Лейла кінәлі деп танылып, оған 1 000 манат көлемінде айыппұл салынды.