Каспий теңізінде екі жасөспірім суға батып кете жаздады (ВИДЕО)

Автор: Асқарова Қарлығаш

Оқиға «Ерсай» аумағында болған

Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Құрық ауылы маңында ТЖМ құтқарушылары Каспий теңізінде жағадан шамамен бір шақырым қашыққа алыстап кеткен екі жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға «Ерсай» аумағында болған. Жағалауды патрульдеу кезінде құтқарушылар 2012 және 2013 жылы туған екі жасөспірімді үрлемелі матраспен теңізге алыстап кеткен жерінен байқаған. Құтқарушылар оларға жедел жетіп, жасөспірімдерді қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ мамандары ата-аналар мен ересектерді су айдындарында балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Балаларды қараусыз қалдырмай, олардың жағадан алысқа жүзуіне жол бермеу және судағы қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіру қажет.