Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қарағандыда полиция TikTok-тағы заңға қайшы әрекетке тосқауыл қойды

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде 56 жастағы стримердің теріс қылықтарын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды қаласының тұрғыны Еркен Жантыкпаев TikTok әлеуметтік желісіндегі белсенділігімен танымал. Ол әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялаған.

«Аталған дерек бойынша полиция тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Сот қаулысымен азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды. Полиция қызметкерлері азаматтың әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады. Қазіргі уақытта Еркен Жантыкпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке қайшы және құқыққа сыйымсыз контент таратпауға шақырады.