Есімнің жазылу нұсқалары әртүрлі
Қазақстанда «Құрылтай» есімі мен оның әртүрлі жазылу нұсқалары сирек кездесетін есімдер қатарында тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде бұл есімді иеленген санаулы ғана азамат бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» деген есімдермен 10 адам тіркелген. Олардың алтауы ер адам болса, төртеуі әйел екен.
Бұл есім ең көп таралған аймақ – Шығыс Қазақстан облысы (4 адам). Алматы қаласында 2 адам тұрса, Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір азаматтан тіркелген.
Есім иелерінің тең жартысы (5 адам) – 65 жастан асқан қариялар. Олардың ішіндегі ең үлкені 80 жасқа толған. Қалған төртеуі 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы азаматтар.