Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді
Қазақстан Халықтық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партия өкілдері жастармен ашық тілдесті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіріп, жастар үшін маңызды мәселелерді көтерді.
«Мұндай кездесулер бір нәрсені көрсетеді: елдің болашағы әр адамның дауысы естілетін ашық диалогтан басталады», – делінген ҚХП хабарламасында.