Қатысушылар қоршаған орта жағдайының адам денсаулығына, соның ішінде тіс пен қызыл иектің күйіне әсерін талқылады
ArayDent стоматологиялық клиникасының ұжымымен кездесу Құрылтай депутаттығына кандидат Сәуле Қамытбекованың қатысуымен өтті. Мамандардың бір бөлігі жүзбе-жүз қатысса, қалғандары талқылауға онлайн қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Байтақ» партиясы ауаның, судың және топырақтың ластануының адам денсаулығына тигізетін әсері туралы мәселелерді қарастырды. Сонымен бірге қолайсыз экологиялық жағдайдың тіс пен қызыл иектің күйіне ықтимал ықпалына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ кездесу барысында «Байтақ» партиясы халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаның жағдайына ұқыпты қарау қажеттілігін талқылады.