Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Тараздағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші аутизмі бар баланың қол-аяғын байлап, төсекке жатқызған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрларда баланың байлаулы күйінде төсекке жатқызылғаны, кейін оған көнбей, төсектен құлап түскені көрінеді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.