Бұл шешім өңірлік шиеленіске байланысты шықты
Біріккен Араб Әмірліктері Иран тарапынан жасалған зымыран шабуылына байланысты Тегеранмен сауда, қаржылық және коммерциялық операциялардың тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы араб мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
«Халықаралық қауіпсіздік пен аймақтағы бейбітшілікке нұқсан келтіретін өңірлік шиеленіске байланысты Иранмен өзара барлық сауда, коммерциялық алмасулар мен қаржылық операциялар арнайы ескертуге дейін тоқтатылады», - делінген министрліктің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде.
Бұған дейін БАӘ қорғаныс министрлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Ираннан екі баллистикалық зымыранның ұшырылғанын тіркегенін хабарлаған болатын.
Олардың бірі мемлекеттің аумақтық су айдынынан тыс жерге, ал екіншісі аумақтық су шегіне түскен. Ведомство өкілдері шабуылдың теңіз кеме қатынасына қарсы бағытталғанын атап өтті.