Тұрғындарды толғандыратын мәселелер және өңірдің одан әрі дамуына қатысты ұсыныстар талқыланды
«Ақ жол» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Құрылтай депутаттығына кандидат Қазыбек Иса Торғай ауылына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сапар барысында ауыл өмірі, тұрғындарды толғандыратын мәселелер және өңірдің одан әрі дамуына қатысты ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар Қазыбек Иса Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық-педагогикалық мұражайына барып, қазақтың ұлы ағартушысының өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысты. Ыбырай Алтынсариннің білім мен ағарту саласына қосқан өлшеусіз үлесі бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды рухани мұра болып қала береді.
Тұрғындармен өткен кездесуде Қазыбек Иса «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, өңірлерді қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Кандидат оларға жауап беріп, көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.