Кездесуде «Ақ жол» өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ақ жол» өкілдері Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Бақтыбай ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Ақ жол» өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларына тоқталды.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның білім саласын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы ұсыныстарын таныстырды. Сонымен бірге, партияның сайлауалды бағдарламасының материалдары таратылды.