«Ақ жол» өкілдері Қостанайда ұстаздар қауымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Жиында партия бағдарламасы таныстырылды

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Қостанайда №30 жалпы білім беретін мектептің педагогтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында партия бағдарламасында адами капиталды дамыту елдің болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылатыны талқыланды. Білімді, білікті мамандарды қолдау және жастарға өз елінде кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік жасау – партияның негізгі басымдықтарының бірі.