Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, тұрғындармен пікір алмасты
Бурабайда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар мен ЖСДП белсенділерінің қатысуымен флешмоб өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға қатысушылар партияның арнайы киімін киіп, партия жалауларын ұстап, Абылай хан алаңында тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, тұрғындармен пікір алмасты.
Шара партияның сайлауалды науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарының бірі болды. Партия өкілдері алдағы уақытта да елдің әр өңірінде тұрғындармен кездесіп, бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстыруды жоспарлап отырғанын айтты.