«Ақ жол» партиясының өкілі Қарағанды облысында ауыл тұрғындарымен кездесті

Автор: Асыл Арман

«Ақ жол» партиясының әлеуметтік әмиян енгізу жөніндегі бастамасы талқыланды

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Ермек Әбілдин сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында сайлауалды штабпен бірге Қарағанды облысының Қарабас кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында өзекті әлеуметтік мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету мақсатында «Ақ жол» партиясының әлеуметтік әмиян енгізу жөніндегі бастамасы сөз болды.