Кездесуге кәсіпорынның 140-тан астам қызметкері қатысты
«Ақ жол» демократиялық партиясының Астанадағы сайлауалды штабы «Астана-Теплотранзит» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге кәсіпорынның 140-тан астам қызметкері қатысты.
Спикерлер Мейрамгүл Қабдығалиева, Ержан Шағымолдин, Виктор Микрюков және Бауыржан Жанқонақов партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, «Ақ жол» партиясының тарихы мен негізгі бастамалары туралы айтып берді.