Жиында ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылды
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Еркін Әбдиев Жамбыл облысы Жуалы ауданының Ақсай ауылында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылды. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру және тұрғындарды толғандырған мәселелер сөз болды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Кандидат тұрғындардың сауалдарын тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты пікір алмасты.