Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды
Ұлытау облысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының мүшелері Сәтбаев қаласындағы кітапхана ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында алдағы сайлау, ҚХП сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары және бүгінде қала тұрғындары үшін аса маңызды мәселелер талқыланды.
Мұндай кездесулер халықпен тікелей тілдесуге, олардың пікірін тыңдауға және еліміздің болашағын бірге талқылауға мүмкіндік береді.