Өндіріс орындарында ел экономикасының нақты негізі қаланады
Respublica партиясының сайлауалды штабы Көкшетаудағы керамикалық кірпіш өндіретін заманауи кәсіпорындардың бірі — «ENKI» ЖШС-не барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зауыт жылына 60 миллион дана кірпіш шығаруға қауқарлы. Өнімдегі қазақстандық қамту үлесі — 90%. Кәсіпорында 250-ден астам адам еңбек етеді. Мұнда Respublica партиясының 80 мүшесін біріктіретін ірі бастауыш партия ұйымы да жұмыс істейді.
Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жанат Исқақов, Зүлфия Уразғалиева және Айбек Күмісбеков отандық тауар өндірушілерді қолдау, бизнеске тұрақты әрі түсінікті жағдай жасау және кәсіпкерліктің ертеңіне сенімді болу мәселелерін ортаға салды.
«Respublica — еңбек адамдарының партиясы. Еңбек етіп, табыс тауып, салық төлеп, күн сайын жұмысқа келетін адамдардың партиясы. Парламенттегі үш жыл ішінде отандық өндірушілерге қолдау көрсететін нақты жеңілдіктер мен артықшылықтарға қол жеткіздік. Енді қазақстандық өнім ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да қамтуы керек», — деді Айбек Күмісбеков.
Осындай өндіріс орындарында ел экономикасының нақты негізі қаланады. Жергілікті шикізат өңделіп, өнімге айналады, жұмыс орындары ашылады, адамдар еңбек етеді.
Отандық өндіріс бар жерде — елдің еңсесі де биік. Respublica осындай еңбекпен жасалған экономиканың жанында.