Олар партия жайлы ақпарат берді
«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Айдос Иманбаевтың сенімді өкілдері Павлодарда үгіт-насихат жұмысын жалғастырды. Олар қала көшелерін аралап, тұрғындарға партияның сайлауалды платформасының негізгі басымдықтарын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үгіт-насихат материалдарын орналастыруға арналған орындарға ақпараттық парақшаларды ілді. Бұл – халық арасында кандидат пен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпаратты қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
«Байтақ» партиясы сайлауалды науқан кезінде тұрғындармен бетпе-бет жүздесуді дәстүрге айналдырды. Бұл – партияның негізгі бағыттары мен бағдарламалық ұстанымын халыққа кеңінен түсіндіруге жол ашты.