Байтақтықтар орман мен жануарлар әлемін қорғау мәселесін талқыланды

Автор: Аягөз Құрмаш

Тараптар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті түйткілдерді талқылады

Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» партиясынан Құрылтай сайлауына үміткер Владимир Мартель түрлі еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырды. Бұл жолы ол Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Көктерек ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шарада кандидат партияның негізгі мақсат-міндетін түсіндіріп, сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын таныстырды. Тараптар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті түйткілдерді талқылады. Атап айтқанда, орман қорын сақтау, жан-жануарлар әлемін қорғау, орман өрттерін алдын алу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Владимир Мартель табиғатты сақтау тек мамандардың емес, баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Қатысушылар экологиялық жауапкершілікті күшейту, табиғатты қорғау ісінде қоғамның белсенді араласуы маңызды екенін айтып, пікір алмасты.