Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен жыланды қауіпсіз түрде ұстады
Алматы облысына қарасты Іле ауданының Байсерке ауылында ТЖМ қызметкерлері жер үйдің аумағынан жылан ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Арнайы құралдың көмегімен жылан қауіпсіз түрде ұсталды.
Жылан елді мекеннен тыс жерге шығарылып, тұрғын үйлерден алыс, қауіпсіз жерде табиғи ортаға жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.
«Егер үйден немесе ауладан жылан көрсеңіз, оны өз бетіңізше ұстауға тырыспаңыз. Қауіпсіз қашықтықты сақтап, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген ведомство хабарламасында.