Трамп Оңтүсік Кореямен әскери жаттығуларды қысқартып, Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізбек

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл жайлы АҚШ басшысы мәлімдеді

Фото: Evan Vucci / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагон басшысы Пит Хегсетке Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығулардың ауқымын айтарлықтай қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздер жүргізу туралы ұсынысына келісімін берген.

Америкалық лидер бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Мұндай жаттығулар КХДР-ға «мүлдем орынсыз әрі жау сигналын» береді деп жазды Трамп, ол солтүстіккореялық лидер Ким Чен Ынмен «өте жақсы қарым-қатынаста» екенін еске салды.

Ақ үй басшысының айтуынша, бірлескен жаттығулар тым қымбатқа түседі, әрі негізгі қаржылық ауыртпалықты АҚШ көтеріп отыр. Трамп жаттығуларды толықтай тоқтату кеш екенін атап өтіп, қорғаныс министріне олардың тек ауқымын қысқартуды тапсырғанын айтты.