Байтақтықтар үгіт-насихат жұмысын белсенді жалғастырып жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Кандидат ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелеріне тоқталды

Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Тегермен ауылында «Байтақ» жасылдар партиясының қолдауымен мәдени-экологиялық шара ұйымдастырылды. Кездесуге ауыл халқы түгел жиналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шараға жасылдар партиясы атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Андрей Краснокуцкий де қатысып, елдегі ағайынға сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Кандидат ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелеріне тоқталды.

Таулы экожүйені сақтау, ауаның тазалығы, таза ауыз суға қолжетімділік, шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту сияқты жұртты алаңдатқан түйткілдер көтерңілді.

Жиын соңы мәдени кешке ұласты. Сахнада қазақ және ұйғыр тілдерінде әндер шырқалып, ұлттық би биленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, ауылдағы өзекті мәселені талқылауға мүмкіндік береді.