«Байтақ» өкілдері Ақтөбедегі «Global Trend» ұжымымен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар сайлауалды бағдарламаларын таныстырды

Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Сайлауалды науқан аясында BAYTAQ жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Айман Сексенова Ақтөбедегі «Global Trend» компаниясына барып, белсенді қызметкерлермен жолықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ең алдымен ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, партияның мақсаты мен позициясын жан-жақты түсіндірді. Осыдан соң кездесу ашық пікір алмасу форматына ұласып, қатысушылар түрлі сұрақ қойып, жауап алды.

Бір сағатқа созылған жиында тараптар экология, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу сынды қоғамның өзекті мәселелерін талқылады.

Айман Сексенова мұндай кездесулер маңызды екенін айтып, азаматтардың ұсынысы мен пікірін партия алдағы жұмысында ексереді деді.