Ол Есіл өзенін жүзіп өтпек болған
Астана қаласы Сарайшық ауданында, «Арыс» көпірінің астында суға қатысты төтенше жағдай болды. Ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болған, алайда күші таусылып, өздігінен жағаға шыға алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ Жедел-құтқару жасағының осы аумақта патрульдеу жүргізіп жүрген мамандары оқиғаға шұғыл әрекет етті. Құтқарушылар арнайы құтқару шеңберін лақтырып, 1985 жылы туған ер адамды судан аман-есен алып шықты. Кейін азамат медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, белгіленбеген жерлерде суға түспеуге және өз мүмкіндіктерін асыра бағаламауға шақырады.