Атырау облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Қайғылы жағдай 13 тамызда түнгі сағат 02:00 шамасында болған

Фото: © istockphoto.com

Атырау облысында теміржолда қайғылы оқиға тіркелді. Исатай ауданына қарасты Аққыстау ауылында ер адамды пойыз қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 13 тамызда түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Қайғылы оқиғадан кейін пойыз шұғыл тоқтатылып, теміржолдың осы теліміндегі қозғалыс уақытша шектелді.

Транспорттағы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда. 

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.