Синоптиктердің болжамынша, атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналады
15 тамызда Қазақстанның үш ірі қаласы — Алматы, Атырау және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Синоптиктердің болжамынша, атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады: