15 тамызда ауа райы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

Оңтүстікте ауа температурасы +43°C-қа дейін көтерілсе, солтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай мен бұршақ күтіледі

Фото: © istockphoto.com

15 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Әсіресе оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн қатты ысып, жауын-шашын негізінен болмайды. Солтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Батыста күн салқындап, жекелеген қалаларда жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +35...+37°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +38...+40°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +23...+25°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +26...+28°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.

Қостанайда күн бұлтты, арасында ашылады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +22...+24°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +24...+26°C, күндіз +38...+40°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Петропавлда күн бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.

Семейде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +34...+36°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +38...+40°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +41...+43°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.