БАҚ-тың қоғамдағы орны мен журналистиканың әлеуметтік маңызы сараланды
Қазақстан Халық партиясының кандидаты Ислам Сұңқар мен партия белсендісі Ұлан Боранбайұлы Астанада Elordainfo.kz ақпараттық порталының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде қазіргі ақпараттық кеңістіктің дамуы, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны және журналистиканың әлеуметтік маңызы сөз болды.
Сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы ашық әрі тиімді коммуникацияны қалыптастыру, қоғамдық пікірді ескеру және өзекті мәселелерді ақпарат құралдары арқылы көтеру бағыттары талқыланды.