Сапар барысында кандидат ауыл тұрғындарының назарындағы мәселелермен танысты
ҚР Құрылтай депутаттығына ЖСДП атынан кандидат Роза Жүсіпова Павлодар облысындағы жұмыс сапарын жалғастырды. Ол Шарбақты және Хмельницкое ауылдарына барып, жергілікті тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл тұрғындарына бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар сайлауалды материалдар заң талаптарына сәйкес рұқсат етілген орындарға орналастырылды.
Сапар барысында кандидат ауыл тұрғындарының назарындағы мәселелермен танысып, сайлауалды бағдарламаның негізгі ұсыныстарын түсіндірді.