Базарға келген азаматтарға ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылды
Шу ауданындағы жұмыс сапары кезінде ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат Еркін Әбдиев белсенділермен бірге Шу орталық базарына барып, тұрғындармен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Базарға келген азаматтарға ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылып, партияның бастамалары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ тұрғындарға сайлауалды бағдарламаға қатысты ақпараттық материалдар таратылды. Әңгіме барысында азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстары да назарға алынды.