Риддерде Журавлиха өзенінің жағасынан 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Автор: Асыл Арман

Риддерде 100-ден астам адам Журавлиха өзенінің жағалауын тазалады

Фото: ШҚО әкімдігі

ШҚО-ның Риддер қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары Журавлиха өзенінің жағалауын тазалауға шықты. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, үш арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенбілік барысында аумақтан төрт тоннадан астам қоқыс шығарылып, тазартылды.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қанат Оралбек мұндай іс-шаралар қаланың тазалығын сақтауға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындардың осындай іс-шараларға белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әр адамның қаламыздың тазалығы өзімізге байланысты екенін түсінуі маңызды, – деді ол.

Акцияға қатысушылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және демалыс орындарында қоқыс қалдырмауға шақырды.