Кездесуде кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау мәселесі талқыланды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық штабының өкілдері «Динар Электромаш» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Әсем Ілиясова, Раушан Жәлімбетова және Қайыржан Бозқұланов қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды таныстырды.
Әңгіме барысында кәсіпкерлер үшін маңызды мәселелер – бизнестің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау және экономиканы дамыту бағыттары талқыланды.
Кездесу жай ғана бағдарлама таныстырумен шектелмей, ашық пікір алмасу форматында өтті. «Динар Электромаш» ұжымы өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, партия өкілдерімен еркін сұхбат құрды.