Сапар барысында халық өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, партия өкілдерімен пікір алмасты
«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт пойызы жұмысын бастап, алғашқы аялдамасын Павлодар станциясында жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партия төрағасы Дания Еспаева бастаған республикалық штаб мүшелері пойыз жолаушыларымен жүздесіп, ашық диалог құрды. Сапар барысында халық өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, партия өкілдерімен пікір алмасты. Сондай-ақ, жолаушылар 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттығына сайлауға белсенді қатысуға шақырылды.
Кездесудің ерекше сәті ретінде бір жолаушының партия қатарына қосылуға ниет білдіруін атап өтуге болады. Партия төрағасы Дания Еспаева оған билетті өз қолымен табыстады.