«Ақ жол» партиясы Абай облысында еңбек ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуге 80 адам қатысты

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының делегациясы Абай облысындағы «Цементный завод Семей» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында партия төрағасы Дания Еспаева отандық өндірісті қолдау мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуге 80 адам қатысты. Зауыт қызметкерлері өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.