35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Автор: Аягөз Құрмаш

Сот Шерхан Аймаханды үш бап бойынша айыпты деп тапты

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Шымкентте 21 жастағы бойжеткенді аяусыз пышақтап өтірген Шерхан Аймаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот Шерхан Аймаханды үш бап бойынша айыпты деп тапты:

  • ҚР ҚК-нің 125-1-бабы – «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • ҚР ҚК-нің 115-1-бабы – «Сталкинг» (артынан түсіп, соңынан қалмай қою);
  • ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру».

Сот шешімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Шымкент қаласында болды. 21 жастағы Нұрай Серікбайды бұрыннан артынан түсіп, мазасын алып жүрген ер адамкөшеде пышақтап кеткен.

Жәбірленушінің жақындары мен куәгерлердің айтуынша, күдікті бойжеткенді өз дегеніне көндірмек болып, ұзақ уақыт бойы «сталкинг» жасаған, алайда бойжеткен оның ұсынысынан бас тартқан. Бойжеткен алған ауыр пышақ жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған болатын. Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары күдіктіні ұстап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған еді.