ҚХП мүшелері Астанада қарт кісілермен бірге таңғы жаттығуға қатысты

Автор: Асыл Арман

Кандидаттар оларды толғандыратын мәселелер бойынша әңгімелесті

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының кандидаттары аға буын өкілдерімен бірге таңғы жаттығу жасап, олардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында дене белсенділігінің маңызы, бос уақытты тиімді өткізу және жасы үлкен азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселелері сөз болды.

Кандидаттар аға буын өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, оларды толғандыратын мәселелер бойынша әңгімелесті.

Қазақстан Халық партиясы азаматтардың жасына қарамастан лайықты өмір сүруіне қажетті жағдайларды қалыптастыруды маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.