Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
Қазақстан Халық партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Орынбасар Исабаев Борадулиха ауданының Петропавловка (Казправда) ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, Тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты өзекті мәселелеріне, ұсыныстары мен бастамаларына ерекше назар аударылды.
Кездесуде халықтың пікірін тыңдау, көтерілген мәселелерді саралау және оларды шешу жолдарын қарастырудың маңыздылығы атап өтілді.