Кездесу үш сетке созылып, Рыбакинаның (5:7, 6:2, 6:2) жеңісімен аяқталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жартылай финалда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен орналасқан қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Кездесу үш сетке созылып, Рыбакинаның (5:7, 6:2, 6:2) жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 2 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, бір қосарланған қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Финалда Қазақстан өкілі әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекпен ойнайды. Ол екінші жартылай финалдық кездесуде әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңді.