Арқалық әуежайына халықаралық код берілді

Автор: Асқарова Қарлығаш

Халықаралық кодтың берілуі әуежайды әлемдік әуе көлігі жүйесіне қосуға мүмкіндік береді

Фото: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі.

Арқалық әуежайына халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) үш әріптен тұратын AYK коды ресми түрде берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықаралық код 2026 жылғы 12 тамызда әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары аясында бекітілген. Айта кетейік, AYK коды Арқалық әуежайында бұған дейін де қолданылған. Енді ол қайта қалпына келтірілді.

Халықаралық кодтың берілуі әуежайды әлемдік әуе көлігі жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, әуежай халықаралық брондау және әуе билеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне және азаматтық авиация саласындағы өзге де жаһандық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Кодты қайтару жұмысы мемлекет басшысының Арқалық әуежайын қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында Көлік министрлігінің бастамасымен жүргізілген.