Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылды
Атырауда саябақтар мен демалыс орындарына баруға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Тұрғындардың саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға, басқа да демалыс орындарына баруына тыйым салынады. Бұдан бөлек, көшеде 3 адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған», - деп жазылған хабарламада.