Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Астанада полиция медициналық мекеме пациентінің алтын әшекейлерін ұрлады деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ-ге сілтеме жасап.
Әйел медициналық мекемеге алтын сырға, алқа таққан күйде түскен. Кейін оның туыстары әшекейлердің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері болып шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ұрланған сырға мен алқаны ломбардқа өткізіп жіберген. Әшекейлер заттай дәлел ретінде тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.